Раиси аймақтың саяси географиясындағы кез келген өзгерістерге жол бермеуді қуаттады
Иран Президенті Нью-Йоркте Армения Премьер-министрімен кездесуінде ИИР-ның аймақтың саяси географиясында кез келген өзгерістердің алдын алуды қуаттайтынын мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ибрахим Раиси ИИР-ның екіжақты және халықаралық шекараларды қорғауға және елдердің егемендігін құрметтеуге және аймақтың саяси географиясында кез келген өзгерістерге жол бермеуге баса мән беретініне тоқталды. Ол Әзірбайжан мен Армения арасындағы мәселенің шешімін келіссөздер деп атап: «Шанхай саммитінде баса айтқанымыздай, аймақ ешқандай жаңа соғысқа шыдай алмайды»,- деді.
Бұл кездесуде Армения Премьер-министрі: «Біз барлық жерлеріміз бен аумақтарымызды қорғаймыз және Иран мен Арменияны бір-бірінен ажыратуға бағытталған кез келген қастандыққа қарсы тұрамыз»,- деді.