Амир Абдуллахиан: Басқыншылық мәселесі Палестинада референдум өткізумен шешіледі
(last modified Sun, 25 Sep 2022 11:16:21 GMT )
Қыр 25, 2022 17:16 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрі: «Батыс Азиядағы байырғы басқыншылық пен қайшылық мәселесін Иранның демократиялық бастамасын орындап, Палестинада ұлттық референдум өткізу арқылы шешуге болады. Сонда Палестинаның байырғы тұрғындары өздері қалаған үкіметті құра алады»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан сенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясының 77-ші сессиясы аясында өткен Қосылмау қозғалысына мүше елдер сыртқы істер министрлерінің отырысында: «Өкінішке қарай, әлемдік қауымдастықтың үнсіздігі мен адам құқығын қорғау ұйымдарының әрекетсіздігі саясында Палестинаның түкпір-түкпірінде аянышты жағдай қалыптасты. Палестина халқы әлі де Израиль режимінің  басқыншылық, қоршау және айуандық саясаты салдарынан адам төзгісіз жағдайды бастан кешіріп жатыр»,-деді.  

Абдуллахиан: «Сионистердің апартеид режимі саясатында Палестина халқының негізгі құқықтарын бұзу жайттары, соның ішінде өмір сүру құқығы, сөз бостандығы, еңбек ету құқығы сақталмай, жаңа қалашықтар салынып, мәжбүрлеп көшіру, мал-мүлік пен жер телімдерін тәркілеу, бау-бақша мен егіс алқаптарын бүлдіру, палестиналық жастар мен балаларды қамауға алу күн сайын артып келе жатыр»,-деді.