Раиси: Қытай және Ресеймен жақынырақ байланыс орнату АҚШ санкцияларын залалсыздандыруға көмектеседі
ИИР Президенті: «Теһранның Бейжің және Мәскеумен жақынырақ байланыс орнатуы АҚШ санкцияларын залалсыздандыруға көмектеседі»,-деді.
Ибраһим Раиси Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының 77-ші сессиясы аясында CGTN қытай арнасына берген сұхбатында: «Иран мен аймақ елдерінің қарым-қатынасы бүгінде америкалық санкциялардың көбін залалсыздандыра алады»,-деді.
Раиси АҚШ-тың зұлым санкцияларына қарамастан, Иранның зор жетістіктерге жеткенін айтып: «Осы күнге дейін Иранға қарсы салынған санкцияларға қарамастан, біз үлкен жетістіктерге жеттік»,-деді.
Иран Президенті жаңа дәуір көпжақтылық дәуірі екенін айтып: «Иранның Қытай, Ресей мен ШЫҰ, ЕЭҰ және ЭЫҰ-на мүше басқа елдермен әріптестігін кеңейту арқылы біржақтылықты жоятын жаңа күштер қалыптасады»,-деді.