АҚШ Иранға қарсы жаңа санкциялар салды
Қаз 07, 2022 18:43 Asia/Almaty
АҚШ Иранға қарсы жауластық əрекеттерінің жалғасында осы елге жаңа санкциялар салды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың Қаржы министрлігі кеше, сенбі күні жалған сылтаулармен 7 ирандық шенеунік, соның ішінде Ішкі істер министрі Ахмад Вахиди, Коммуникация министрі Иса Зарепурға жаңа санкция салды.
АҚШ Президенті Джо Байден дүйсенбі күні, 3 қазанда Ирандағы бүліктерге қолдау көрсетіп: "Вашингтон Иранда наразыларға жасалған қатыгездіктерге қатысы бар деп тапқан ирандық лауазымды тұлғаларға қарсы жаңа санкциялар салады",-деді.
Тегтер