Қаз 12, 2022 17:46 Asia/Almaty
  • Иран Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы: Алдағы уақытта Қытай және Ресеймен бірлескен теңіз жаттығулары өтеді

Иран Ислам Республикасы Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы жақын арада Қытай мен Ресейдің қатысуымен ортақ теңіз жаттығулары өтетінін хабарлады.

 

Адмирал Шахрам Ирани: «Бұл күш Үнді мұхитының солтүстігінде өтуі жоспарланған  оқу-жаттығуға «IONES» ұйымына мүше әртүрлі елдерді бірлескен жаттығу өткізуге шақырды.  Осы оқу-жаттығуға шақырылған елдер оны өткізуге қатысты өз пікірлерін білдіруі керек деп шешілді. Бұл жаттығуға 20-30 ел белсенді қатысуы мүмкін»,- деді. ИИР Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы сөзінің жалғасында: «Тұрақты қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жауынгерлік қуатты жақсарту мақсатында жақын арада Үнді мұхитының солтүстігінде Қытай, Ресей және басқа да кейбір елдердің қатысуымен бірлескен теңіз жаттығулары өтеді»,- деп мәлімдеді.  

 

Тегтер