Қазақстанда CICA-ға мүше елдер басшыларының саммиты өтті
(last modified Thu, 13 Oct 2022 18:47:25 GMT )
Қаз 14, 2022 00:47 Asia/Almaty
  • Қазақстанда CICA-ға мүше елдер басшыларының саммиты өтті

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің VI саммиты бейсенбі күні, 13 қазанда Қазақстан елордасы Астанада Иран Президентінің қатысуымен өз жұмысын бастады.

Иран Президенті Ибраһим Раиси Астана өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің VI саммитында сөйлеген сөзінде: «Қазіргі әлем аймақтық механизмдердің бұрыннан да әсерлі рөл ойнауын қажет етеді. Халықаралық жүйеде өзгерістер мен ықпалдасу үдерісі айрықша кезеңге жетті. Күш-қуатты қайта бөлуде үстемшілдік қабылданбайды. Сол себепті тәуелсіз елдердің дауысы мен рөлі көбірек естіліп, байқалып жатыр»,-деді.

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің VI саммитын өткізу мүше елдер, аймақтық елдер және тіпті әлемдік қауымдастық үшін аса маңызды. Азия құрлығындағы маңызды, әсерлі әрі конструктивті елдердің көбі осы ұйымға қосылған. CICA саммитіне 11 ел, соның ішінде Иран, Ресей, Түркия, Пәкістан, Катар, Ирак, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Палестина мен Тәжікстан ең жоғары деңгейде қатысты.

Қытай мен Вьетнам сияқты кейбір елдер де президент орынбасары деңгейінде,  мүше кейбір елдер министрлер деңгейінде CICA-ның VI саммитына қатысты. Азияның түрлі елдерінен осынша жоғары мәртебелі тұлғаның Астана отырысына қатысуы бұл ұйымның мүше елдерге қаншалықты маңызды да әсерлі екенін көрсетеді.

Шын мәнінде CICA Азия құрлығында бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты кепілдендіру мақсатында әріптестікті нығайтуға бағытталған халықаралық ұйым деп атауға болады.   

Азия құрлығында бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау аймақ елдері үшін зор маңызға ие. Осы құнды мақсаттарға керісінше АҚШ пен Ұлыбритания бастаған Батыстың кейбір үстемшіл елдері осы кең байтақ құрлықты әлемдегі ең тынышсыз аймақтардың біріне айналдыруға талпынып жатыр.

АҚШ пен Ұлыбритания бастаған Батыс елдерінің Орта Азия, Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Азиядағы іріткі салу саясаттары осы құрлықтағы қолайсыз саясаттардың бір үлгісі ғана. Сол себепті Батыс пен халықаралық сионизмге бағынышты ақпарат құралдары әрдайым Азияда аймақтық отырыстар өткізуге  наразылық білдіреді.