АҚШ президенті тағы да жаңылды
(last modified Sat, 15 Oct 2022 09:04:16 GMT )
Қаз 15, 2022 15:04 Asia/Almaty

АҚШ президенті Джо Байден Колорадо штатында сөйлеген сөзінде оның ұлы Бо Байден Иракта қайтыс болды деп қателесіп айтты.

АҚШ президенті Джо Байден сөзіндегі қателері үшін талай рет күлкіге ұшырады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Джо Байден өзінің жаңылыстарын жалғастыра отырып: «Мен мұны «Қола жұлдыз» орденінің иегері болған және Иракта қайтыс болған адамның (Бо Байден) әкесі ретінде айтамын»,- деді.  Бо Байден 2015 жылы 46 жасында бас миының қатерлі ісігінен қайтыс болды.