Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымының Қарабақ кикілжіңіне араласпайтыны қуатталды
(last modified Thu, 28 Apr 2016 17:43:22 GMT )
Сәу 28, 2016 23:43 Asia/Almaty
  • Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымының Қарабақ кикілжіңіне араласпайтыны қуатталды

Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжа Қарабақ даулы аймағында қақтығыстар қайтадан басталған кезден бері Арменияның осы ұйымнан көмек көрсетуді сұрамағанын мәлімдеп:

"Халықаралық құқық тұрғысынан Қарабақ Армения жерінің бір бөлшегі болып есептелмейді, сондықтан Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымы бұл дауға араласа алмайды" деді.

Бордюжа Армения мен Әзірбайжан республикасы әскерилерінің Қарабақта ымыраны бұзуына ескерту жасап, осы қақтығыстардың жалғасуымен соғыс отының Кавказдың өзге аймақтарына да тарауы мүмкін екендігін айтып, аймақ елдерінің Қарабақтағы келіспеушілікті бейбіт жолмен шешу үшін ынтымақтастық жасауы қажеттілігін қуаттады.

Баку мен Ереван 4 күнге ұласқан әскери қақтығыстан кейін 5- ші сәуір күні Қарабақта ымыра орнатуға келісті.

Осы келісім жасалғаннан бері екі ел бірін- бірі ымыраны бұзды деп талай рет айыптады.