Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Иранмен транзиттік әріптестікті арттыруға ниетті
(last modified Mon, 17 Oct 2022 18:34:33 GMT )
Қаз 18, 2022 00:34 Asia/Almaty
  • Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Иранмен транзиттік әріптестікті арттыруға ниетті

Орта Азия мемлекеттерінің басшылары бұрынғыдай ИИР-мен тасымал және транзит саласында әріптестікті арттыруды қалайды.

Қазақстан Көлік және коммуникация министрлігі жексенбі күні, 16 тамызда өз мәлімдемесінде: «Орта Азия мемлекеттері Иранмен тауар транзитін жылына 20 млн тоннаға арттыруды көздеп отыр»,-деп хабарлады.  

Орта Азия мемлекеттерінің лауазымды тұлғаларының Теһранда ирандық әріптестерімен кездесуінде Ресейдің экономикалық даму министрі және Әзірбайжан коммуникация министрі орынбасарының қатысуының мәні мынада: Тараптар осы салада белді бекем буып отыр. Өзара ынтымақтастықты арттыру мақсатында еселене талпыныс жасауды күн тәртібіне қойып отыр.

Теһран отырысын өткізудегі мақсат мемлекеттер арасында үйлесімді тасымал саясатын дамытуға жағдай жасау деп жарияланған болатын. Иран Жол және қала құрылысы министрі мен Орта Азияның бес мемлекетінің транзиттік әріптестік саласында алғашқы ортақ жиналысы өткен аптада Теһранда өтті. Иран мен Орта Азия мемлекеттерінің жиналысында транзитті дамыту туралы  алғашқы мәлімдемеге қол қойылды. Ресей, Оңтүстік Кавказ және Орта Азия елдерінің Шығыс және Оңтүстік-шығыс Азия елдерімен Иранның түрлі жолдары арқылы транзиттік әріптестігінің маңыздылығын ескере отырып, бұған дейін  Орта Азия мемлекеттері осындай жиналыстар өткізді.

Түрікменстанның Аваза қаласында Орта Азияны Иран арқылы мұхитпен байланыстыру дәлізін құру үшін қатысушы мемлекеттердің үйлестіру кеңесінің екінші отырысы өтті. Осы отырыс соңында Иран, Түрікменстан, Өзбекстан мен Қазақстанның өкілдері «Ашхабад келісімі» атты халықаралық тасымал және транзит дәлізін құру туралы келісім мен қосымша қорытынды протоколға қол қойды.

Иран, Орта Азия мен Кавказ мемлекеттерінің лауазымды тұлғалары тасымал саласында жаңа саясат қолданудың арқасында алғаш рет Иран арқылы халықаралық суларға оңай шығу мүмкіндігіне ие болды.

Иранның транзиттік жолдары толығымен іске қосылып, Орта Азия мемлекеттерінің Иранмен келісімдері орындалған жағдайда бұл елдер сыртқы әлеммен сауда жасауға арналған бірегей жолға ие болады.