Иран Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының көмекшісі әрі аға кеңесшісі: 22 ел Иранның ұшқышсыз ұшақтарын сатып алуды сұрады.
Қаз 18, 2022 17:20 Asia/Almaty
Иран Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының көмекшісі әрі аға кеңесшісі елдің қорғаныс техникасының 80 пайыздан астамының елде өндірілуіне тоқталып, 22 елдің ирандық ұшқышсыз ұшақтарды сатып алуды сұрағанын айтты.
Генерал-майор Сафави дұшпанның халық пен қарулы күштер арасында арақашықтық жасауды жоспарлап отырғанын және мұндай жағдайда дұшпанмен бетпе-бет келіп, оларды жеңу үшін әлсіздіктер мен кемшіліктерді жою қажет екенін мәлімдеді. Иран Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының көмекшісі әрі аға кеңесшісі: «Біртұтас және мәдениет құрушы Иран халқы дұшпанға қарсы әрқашан жеңіске жетті. АҚШ пен сионистік режим Иран халқын жеңе алмайды»,- деді.