Эршади: Батыстың ирандық әйелдерді қолдау туралы уәждері шынайы емес
ИИР-дің БҰҰ-дағы елшісінің орынбасары Батыс елдерінің ирандық әйелдерді қолдау туралы уәждерінің шынайы әрі ізгі ниетпен айтылмағанына тоқталып, осы мемлекеттерге: «Ирандық әйелдер қамқоршыға зәру емес»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Захра Эршади бейсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің әйел, бейбітшілік пен қауіпсіздік тақырыбындағы отырысында АҚШ-тың біржақты антигуманистік іс-әрекеттерінің ирандық әйелдердің құқықтары үшін апатты салдары болғанын және сұрқия санкциялардың әйелдердің негізгі құқықтарын бұзғанын айтып: «Ирандық әйелдер – өз құқықтарын жақсы білетін ақылды, оқыған, пидашыл және отаншыл адамдар. Сондықтан Батыс елдеріне ирандық әйелдерге қамқоршы болмай-ақ қоюға және олардың атынан сөйлемеуге кеңес береміз»,-деді.
Эршади Иранда медициналық қызметкерлердің 73 пайызы, дәрігерлердің 49 пайызының әйелдер екенін айтып: «ИИР ирандық әйелдерге барлық салада, соның ішінде ғылым, спорт пен өнерде өз халқының діни сенімдері мен отансүйгіштігін абыроймен көрсетуге жағдай жасады»,-деді.