Еуроодақтың Иранға қарсы жаңа санкциялары дәлелсіз уәждерге негізделген
(last modified Fri, 21 Oct 2022 17:06:55 GMT )
Қаз 21, 2022 23:06 Asia/Almaty
  • Еуроодақтың Иранға қарсы жаңа санкциялары дәлелсіз уәждерге негізделген

Еуроодақ бейсенбі күні, 20 қазанда Иранда жасалған ұшқышсыз ұшақтардың Украина соғысына қатысып жатқаны туралы дәлелденбеген уәждер негізінде Иранға қарсы жаңа санкциялар жариялады.

Еуроодаққа мүше елдер ұшқышсыз ұшақтарға қатысты үш адам мен бір ұйымның активтерін бұғаттауға шешім қабылдады. Сондай-ақ бұрын санкциялар тізімінде болған басқа 4 ирандық ұйымға салынған санкцияларды ұзартуға дайын. Украина басшылары мен Батыс елдері, әсіресе АҚШ өткен күндері «Ресей Украинаның инфрақұрылымдарына шабуыл жасау үшін қолданған ұшқышсыз ұшақтар Иранда жасалған» деп уәж айтты. Осындай  жалған кеңістік жасау АҚШ-тың Иранды келекелеуімен қатар жүрді. АҚШ Мемлекеттік департаментінің хатшысы Нед Прайс бейсенбі күні кешке Иран мен Ресейге қарсы жаңа уәждер айтты. Прайс: «Қырымда орналасқан Ресейдің әскери персоналы ирандық ұшқышсыз ұшақтарды ұшырып, оларды Украинаға шабуыл жасау үшін пайдаланып жатқанын растай аламыз»,-деді. Бұл америкалық шенеунік өз сөзінің жалғасында: «Біздің болжамымыз бойынша, соңғы күндері ирандық персонал Қырымда Ресейге әскери амалдар жасауға көмектесіп жатыр»,-деді.   

АҚШ Мемлекеттік департаменті хатшысының орынбасары Ведант Пател де сәрсенбі күні АҚШ-тың медиа майданының жалғасында ирандық ұшқышсыз ұшақтардың Ресей тарапынан Украина соғысында қолданылғаны туралы негізсіз уәждер айтып, осы салада БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарары бұзылды деп мәлімдеді.

ИИР талай рет мұндай уәждерді теріске шығарып, оны Батыстың Иранға жаңа санкция салу үшін осы елден үркіту мақсатында жүргізіп отырған психологиялық соғысы мен үгіт-насихатының бір бөлігі деп атады.

Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан ирандық ұшқышсыз ұшақтардың Украина соғысында қолданылғаны туралы уәждерге қатысты: «Біз Ресеймен қорғаныс саласында әріптестік жасаймыз. Бірақ біздің Украина соғысына қатысты саясатымыз мынау: бұл елдің аумақтық тұтастығына құрметпен қарау, қақтығысушы тараптарға қару жібермеу, соғысты доғару және адамдар миграциясын тоқтату»,-деді.   

Ирандағы соңғы бүліктер мен тынышсыздықтарды осы елге қысымды күшейтуге қолайлы мұрсат деп санайтын Батыс елдері, соның ішінде еуропалықтар Иранға және оның қарым-қабілеті, соның ішінде  ұшқышсыз ұшақтар жасау саласына қарсы жаңа санкциялар жариялау арқылы Теһранды Вена келіссөздеріне қатысты талап-тілектерді қабылдауға мәжбүрлеп, соның нәтижесінде ИИР-ды әлсірете аламыз деп ойлайтын сыңайлы.  

Батыс елдері, соның ішінде Еуроодақ Батыс блогының серкесі ретіндегі АҚШ-қа жақтаса отырып, тек Иранға қарсы әрекет ету үшін сылтау іздеп жатқаны анық. Сондықтан адам құқығының бұзылуы тақырыбымен қоса ұшқышсыз ұшақтарды Ресейге экспорттау мәселесін де пайдаланады.  Бұған қарамастан, еуропалықтардың бұл қатынасы тек өздеріне зарар әкеледі.