Дұшпандар Иранға қарсы «ақпараттық терроризм» деген жаңа тәсіл қолданып отыр
Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі: «Ислам әлемінде мәдени-ақпараттық қоқан-лоққылар және исламофобия құбылысы сияқты ортақ мәселелер бар»,-деді.
Мұхаммедмехди Исмаили сенбі күні Стамбұл қаласында Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Мәдениет және байланыстар министрлерінің он екінші отырысының аясында Iran Press ақпарат агенттігінің дұшпандардың ислам әлемі, әсіресе Иранмен ақпараттық соғысы туралы сұрағына жауабында: «Өткен 20 жылда исламофобия мәдени-ақпараттық әріптестік саласында қиындықтар тудырды»,-деді.
Исмаили Иранның жылдар бойы мәдени қоқан-лоққыларға душар болғанын, кейінгі кезде «ақпараттық терроризм» деген жаңа құбылыспен бетпе-бет келіп отырғанын айтып: «Соңғы оқиғаларда бір шетелдік медиа арна қауіпсіздік қызметтерінің жетекшілігімен физикалық терроризм жолымен орындай алмаған істерін ақпарат құралдары арқылы орындауға талпынып жатыр»,-деді.
Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі ақпараттық терроризмге қарсы күресу үшін ислам елдерімен әріптесіп, ортақ кеңістік тудырып, халықты хабардар етуді Стамбұлдағы кеңестерінің басты өзегі деп мәлімдеді.