Қаз 24, 2022 21:28 Asia/Almaty
  • БАҚ өкілдері Иранда Азия-Тынық мұхиты ақпарат агенттіктері ұйымының 18-ші конгресі өткеніне ризашылық білдірді

Азия-Тынық мұхиты ақпарат агенттіктері ұйымының (OANA – The Organization of Asia-Pacific News Agencies) бас ассамблеясының 18-ші конгресіне қатысу үшін Иранға келген түрлі елдердің БАҚ өкілдері: «Иранның осы ассамблеяны басқаруы аталмыш ұйымға мүше медиа өкілдердің келешек әріптестігіне жол ашады»,-деп мойындады.

Бұл ұйым әлем тұрғындарының үштен біріне ақпарат таратады. Қазіргі таңда Азия-Тынық мұхиты ұйымында 33 елден 44 мүше бар. Иран осы ұйымның көне мүшесі ретінде 1997-2000 жылдардан бері бірнеше рет жиналыстарға төрағалық етті.  

Азия-Тынық мұхиты ақпарат агенттіктері ұйымының конгресі түйткілдерге ұшыраған елдер арасында достық қатынасты жақсартуға көмектесумен қоса, ақпараттық-коммуникациялық дамуға септігін тигізе алады.

Бұдан бұрын Сеулде өткен Азия-Тынық мұхиты ақпарат агенттіктері ұйымының 17-ші конгресінде қатысушылар келесі конгрестің Иранда өтуіне дауыс берген болатын.

Тегтер