Ресей Батыстың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты екіқырлы стандартын сынады
https://itolqyn.com/news/world-i65084
Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Батыстың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты екіқырлы стандарты мен екіжүзді қатынасын сынады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 27, 2022 21:39 Asia/Almaty
  • Ресей Батыстың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты екіқырлы стандартын сынады

Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Батыстың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты екіқырлы стандарты мен екіжүзді қатынасын сынады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Василий Небензя сәрсенбі күні кешке: «АҚШ Иранның ядролық бағдарламасы туралы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын бұзды»,-деді.

Василий Небензя: «Батыс елдері өздерін БҰҰ жарғысының негізгі қорғаушылары деп таныстырады және БҰҰ-ның түрлі қарарларын  қолдауға шақырып, БҰҰ-ның басқа мүшелерін оны бұзды деп айыптайды»,-деп еске салды.

Ресейлік дипломаттың айтуынша, Батыс елдері осындай қатынасымен халықаралық мәселелерге қатысты екіқырлы стандарт пен екіжүзді қатынас ұстанып отырғанын тағы да дәлелдеді.  

Василий Небензя БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында: «БҰҰ Бас хатшысының Украина соғысында ұшқышсыз ұшақтардың қолданылған-қолданылмағанын тексеруге өкілеттігі жоқ»,-деді.