Путин Сүлейманидің өлтірілуін қатаң сынға алды
(last modified Fri, 28 Oct 2022 14:56:33 GMT )
Қаз 28, 2022 20:56 Asia/Almaty
  • Путин Сүлейманидің өлтірілуін қатаң сынға алды

Бейсенбі күні Ресей Президенті Владимир Путин Валдай форумында сөйлеген сөзінің бір бөлігінде батыстық тәртіпті сынға алып: «Батыс генерал Сүлеймани өз елінде ресми басшылардың бірі болған кезде өлтірді. Батыс бұл тақырыпты жоққа шығарып қана қоймай, мақтан тұтты»,- деді.

Путин: «Олар ирандық генерал Сүлейманиді өлтірді. [Батыс тәртібінде] Сүлеймани туралы қалағандарыңдай ойлай аласындар, бірақ ол басқа мемлекеттің шенеунігі.Оның үшінші елде өлтіріп, «иә, біз өлтірдік» деді.  Бұл не? Біз қайда өмір сүреміз?»- деді.   

Путиннің генерал  шәһид Сүлейманидің қорқақ және заңсыз өлтірілуін қатты сынауы оның батысқа бағытталған халықаралық тәртіпті жалпы сынауымен сәйкес келеді. Батыс, соның ішінде АҚШ өз мүдделеріне сай келетін және халықаралық заңдарды, соның ішінде БҰҰ жарғысы мен халықаралық құқықты ескермейтін кез келген әрекетке барды.   

АҚШ-тың сол кездегі президенті Дональд Трамп генерал Сүлеймани мен оның серіктерін қылмыстық әрекетпен өлтіруге бұйрық берген. Сардар Сүлеймани мен Ирактың халықтық жұмылдыру күштерінің орынбасары Әбу Мәһди әл-Мохандес және олардың 8 серігі Ирак астанасы Бағдад әуежайында 2020 жылдың 3 қаңтары, жұма күні таңертең АҚШ  агрессоры мен лаңкестік күштерінің әуе шабуылынан шәһид болды. Шын мәнінде, Трамп әкімшілігі генерал Сүлейманиді өлтіруді 2018 жылдан бері жоспарлаған және бұл әрекетке қолайлы уақыт іздеген.  Трамптың әскери және қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілерінің көзқарасы бойынша, Иран мен Ирактың екі негізгі қолбасшысы ретінде ДАИШ-пен күресте маңызды рөл атқарған, сонымен қатар Американың Батыс Азиядағы мақсаттарын жүзеге асыруда елеулі кедергілер болған сардар Сүлеймани мен Әбу Мәһди әл-Мохандестің Бағдадта бір уақытта болуын жіберіп алуға болмайтын мүмкіндік болды. Осылайша америкалықтар оларға қорқақ шабуыл жасап, үлкен қылмыс жасады. БҰҰ-ның заңсыз қастандықтар саласындағы арнайы баяндамашысы Агнес Каламар: «АҚШ-тың генерал Сүлейманиге қарсы ұшқышсыз ұшақ соққысын ақтауға тырысуының себебі... нақты және жақын арада болатын қауіп туралы ешқандай дәлел жоқ. Бұл [қастандық] халықаралық адам құқықтары стандарттарына қайшы әрекет болды»,- деді. Осы кезде генерал шәһид Сүлейманиге заңсыз қастандық жасау мәселесін Путин қайтадан көтеріп отырғандықтан, бұл Батыстың батысқа бағытталған халықаралық тәртіп шеңберіндегі жалпы көзқарасы мен Батыстың, әсіресе АҚШ-тың осы шеңбердегі кез келген әрекетіне рұқсат беруімен байланысты. Сонымен қатар, батыстықтар қарсыластары мен дұшпандарының кез келген ұқсас әрекетін дұшпандық немесе лаңкестік әрекет ретінде жіктейді.