Ресей ирандық ұшқышсыз ұшақтарды пайдаланудан үзілді-кесілді бас тартты
https://itolqyn.com/news/world-i65146
Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Тель-Авив өкілінің Ресейдің Украинадағы соғыста ирандық ұшқышсыз ұшақтарды пайдаланғаны туралы мәлімдемесін жоққа шығара отырып, мұндай айыптаулардың мақсаты Қауіпсіздік кеңесіне қысым жасау екенін мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 29, 2022 20:11 Asia/Almaty
  • Ресей ирандық ұшқышсыз ұшақтарды пайдаланудан үзілді-кесілді бас тартты

Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Тель-Авив өкілінің Ресейдің Украинадағы соғыста ирандық ұшқышсыз ұшақтарды пайдаланғаны туралы мәлімдемесін жоққа шығара отырып, мұндай айыптаулардың мақсаты Қауіпсіздік кеңесіне қысым жасау екенін мәлімдеді.

 

Сионистік режимнің БҰҰ-дағы өкілі Гиладардан Ресейдің Украинадағы соғыста ирандық ұшқышсыз ұшақтарды пайдаланғанын алға тартты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Василий Небензя жұма күні кешке осы ұйымның Қауіпсіздік кеңесінің отырысында: «Бүгін біз Израиль өкілінің Украинада ирандық ұшқышсыз ұшақтарды пайдаланғаны туралы мәлімдемесін естігенде таң қалдық. Біз бұрын мұндай уәждерді жоққа шығардық, қазір де үзілді-кесілді жоққа шығарамыз»,- деді.