Парсы шығанағында 11 млн литр сұйық отын тиеген шетелдік танкер ұсталды
Қаз 31, 2022 18:54 Asia/Almaty
Иранның оңтүстігіндегі Хормозган облысының Әділет департаментінің директоры Парсы шығанағында 11 млн литр контрабандалық сұйық отын тиеген шетелдік танкер ұсталғанын хабарлады.
Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұджтаба Қахремани: "Сот органының бұйрығына сәйкес Ислам революциясы Сақшылар корпусының теңіз күштері Парсы шығанағында 11 млн литр контрабандалық сұйық отын тиеген шетелдік танкерді ұстады",-деді.
Қахремани бір ай бойғы нақты техникалық барлау жұмыстарынан кейін осы шетелдік танкердің құрыққа түсірілгенін айтып: "Танкердің капитаны мен экипаж мүшелері тергеу-тексеру жұмыстарынан өту үшін қамауға алынды",-деді.
Тегтер