Иран мен Оман арасында банкаралық қатынас туралы келіссөздер басталды
https://itolqyn.com/news/world-i65268
Иран мен Оманның Орталық банктерінің басшылары Теһранда банкаралық қатынас туралы келіссөздерді бастады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 03, 2022 20:31 Asia/Almaty
  • Иран мен Оман арасында банкаралық қатынас туралы келіссөздер басталды

Иран мен Оманның Орталық банктерінің басшылары Теһранда банкаралық қатынас туралы келіссөздерді бастады.

Оман Орталық банкінің басшысы кеше Теһранға келіп, бүгін Иранның Орталық банкінде ирандық басшылармен банк мәселелерін талқылауға кірісті.

Иран мен Оман арасында халықаралық және банкаралық қатынасты дамыту екі ел Орталық банктерінің басшылары Салех Абади мен Тахер бен Салем әл-Умридің келіссөздерінің басты өзегі деп жарияланды.

Соңғы жылдары Оман Иранға қарсы санкцияларды жою және бұғатталған валютаны босату туралы келіссөздерде араағайын рөлін ойнап келеді.