Халықаралық қаржы қоры Иранның 122 млрд доллар жинағы барын мойындады
Қар 04, 2022 19:05 Asia/Almaty
Халықаралық қаржы қоры жаңа есебінде Иранның шынайы валюта қорының 122 млрд долларды құрайтынын жариялап, Иранды Батыс Азия, Солтүстік Африка және Орта Азияда ең ірі валюта қорына ие үшінші ел деп атады.
Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Халықаралық қаржы қоры Батыс Азия, Солтүстік Африка және Орта Азия аймақтарының экономикалық перспективасы туралы есептерінің бірінде Иранның биылғы қолжетімді валюта қорын 30,8 млрд доллар деп бағалады.
Бұл сома өткен жылмен салыстырғанда шамамен 13 млрд долларға артық.
Халықаралық қаржы қоры 2021 жылы Иранның қолжетімді валюта қорын 17,7 млрд доллар деп жариялаған болатын.
Тегтер