АҚШ Иранның ішкі ісіне ашық түрде араласып жатыр
Қар 04, 2022 19:17 Asia/Almaty
АҚШ Президенті ішкі іске араласушы сөздер айтып, Ирандағы бүлікшілерге қолдау білдірді.
Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Джо Байден Калифорния штатының Оушенсайд қаласында демократ үміткер Майк Лоиннің үгіт-насихат науқанында өз жақтастарына: "Біз Иранды азат етеміз",-деп айтты.
Иранда бүлік басталғалы бері америкалық басшылар ішкі іске араласушы сөздер айтып қана қойған жоқ, Иранның лауазымды тұлғалары мен органдарына қарсы санкциялар салды. Соңғы талпынысында Албаниямен бірге БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Иранға қарсы бейресми отырыс өткізді. Алайда сонша жарнамаланған отырыс өткізушілерге еш нәтиже бермеді.
Тегтер