Ресей: Батыс елдерді тұрақсыздандыру шараларын күшейтті
Қар 05, 2022 16:09 Asia/Almaty
Ресей Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы батыстықтардың ұлтаралық араздық пен сепаратистік сезімдерді қоздыру сияқты кең ауқымды әрекеттерін арттырғанын қуаттады.
Николай Патрушев Мәскеуде ТМД елдері Қауіпсіздік Кеңесі басшыларының отырысында: «Батыс елдері жүйелі емес оппоненттерді қаржыландыру, ұлтаралық араздық пен сепаратистік сезімдерді қоздыру, діндер мен этникалық топтар арасындағы қақтығыстарды күшейту, түрлі-түсті төнкерістер сценарийлерін жүзеге асыру тәсілдерін үздіксіз пайдалануда. Батыстың бақылауындағы үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ және оппозиция жетекшілері әлемде тұрақсыздықты тудыратын басты құрал»,- деді.
Тегтер