Ресей: Батыс елдерді тұрақсыздандыру шараларын күшейтті
https://itolqyn.com/news/world-i65316-Ресей_Батыс_елдерді_тұрақсыздандыру_шараларын_күшейтті
Ресей Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы батыстықтардың ұлтаралық араздық пен сепаратистік сезімдерді қоздыру сияқты кең ауқымды әрекеттерін арттырғанын қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 05, 2022 16:09 Asia/Almaty
  • Ресей: Батыс елдерді тұрақсыздандыру шараларын күшейтті

Ресей Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы батыстықтардың ұлтаралық араздық пен сепаратистік сезімдерді қоздыру сияқты кең ауқымды әрекеттерін арттырғанын қуаттады.

 

 

Николай Патрушев Мәскеуде ТМД елдері Қауіпсіздік Кеңесі басшыларының отырысында: «Батыс елдері жүйелі емес оппоненттерді қаржыландыру, ұлтаралық араздық пен сепаратистік сезімдерді қоздыру, діндер мен этникалық топтар арасындағы қақтығыстарды күшейту, түрлі-түсті төнкерістер сценарийлерін жүзеге асыру тәсілдерін үздіксіз пайдалануда. Батыстың бақылауындағы үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ және оппозиция жетекшілері әлемде тұрақсыздықты тудыратын басты құрал»,- деді.