АҚШ Иранға өтемақы төлеуі тиіс
(last modified Sat, 30 Apr 2016 09:20:00 GMT )
Сәу 30, 2016 15:20 Asia/Almaty
  • АҚШ Иранға өтемақы төлеуі тиіс

ИИР Сыртқы істер министрі БҰҰ-ның Бас хатшысынан АҚШ үкіметінен халықаралық міндеттемелерге берік болып, Иранға өтемақы төлеуді талап етуді сұрады.

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф АҚШ Жоғары сотының Иранның 2 млрд долларға жуық активін тәркілеу туралы қаулысына наразылық білдіріп, БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунға жазған хатында одан АҚШ үкіметінен мемлекеттердің иммунитетіне қатысты негізгі принциптерді бұзуды доғарып, АҚШ-тың банктерінде бұғатталған Иранның активтерін босатып, өзінің халықаралық міндеттемелерін орындауда және «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы аясында Иранның АҚШ-тан тысқары жерде сауда және қаржы амалдарына араласуды біржолата тоқтатуды талап етуін сұрады.

АҚШ-тың Жоғары соты ағымдағы жылдың сәуір айының 20 күні халықаралық заңдарға қайшы шарада АҚШ соттарының лаңкестік қылмыстардың құрбандарының арыздарын қарастыру барысында өтемақы төлеу үшін Иранның бұғатталған активтерін пайдалана алатынын растады.

АҚШ Иранды 1983 жылы Бейрутте АҚШ-тың пулеметшілері орналасқан жерде болған жарылысқа қатысы бар деп айыптап отыр.

Сондай-ақ, Нью-Йорктағы бір сот жуырда 2001 жылғы 11 қыркүйекте болған лаңкестік шабуылдарға қатысты үкім шығарды. Сол үкім бойынша Иранға 10,5 млрд доллардан астам соманы осы лаңкестік оқиға құрбандарының жанұяларына төлеуге бұйрық берілді.

Соттың үкімі мен АҚШ Жоғары сотының шарасы осы елдің сот жүйесінің Иранға қатысты сындарсыздық деңгейін айқын көрсетіп отыр. Осы екі сот қарастырған мәселелерге қатысты АҚШ-тың өзі Иранға қастық әрекеттер жасағаны үшін өтемақы төлеуі тиіс. Иранның өзі лаңкестіктің құрбаны болғандықтан әрдайым лаңкестермен халықаралық күрестің алғы шебінде болған жағдайда лаңкестік қылмыстар үшін өтемақы төлеуге айыпталып отыр. Иранның 11 қыркүйек шабуылдарына қатысқаны туралы уәждер – АҚШ сотының шынайы қылмыскерлерді жауапкершіліктен босататын ащы әжуасы.

2001 жылы 11 қыркүйекте болған лаңкестік шабуылдар туралы есептен 28 бетті алып тастау Сауд Арабиясының терроризмді қолдауда тікелей рөл атқаратынын көрсетеді, алайда Вашингтон эр-Риядпен әріптестік жасайтындықтан Сауд Арабиясының осы шабуылдардағы рөлін әшкерелеуге қарсы.

Иранның мал-мүлкі мен активтеріне қол сұғу үшін лаңкестікті қолдау сылтауын пайдалану – Вашингтонның Иран Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейінгі Теһранға қатысты дұшпандық ұстанымы. Құқықтық тұрғыдан АҚШ соттарының Иранға қарсы шығарған үкімдері құқықтық айғақ-дәлелдерге негізделмеген, сондықтан әділетті аяққа таптау болып табылады.

Әділет бойынша АҚШ үкіметінің өзі Иран халқына қарсы ұдайы жүргізген дұшпандық саясаттары үшін өтемақы төлеуі тиіс. АҚШ үкіметіне халықаралық міндеттемелерді жүктейтін Иран халқына қарсы шаралары мен заңбұзушылық саясаттары негізсіз уәждер емес, мықты тарихи куәлер негізінде жүзеге асырылды.

АҚШ-тың Иранға қарсы қастық шаралар тізбегінің бірі х.ш.ж.с.б. 1332 жылы 28 мордадта (28 мордад төңкерісі) Моссадықтың заңды үкіметін құлатуы болды.

Иранмен сегіз жылдық соғыс кезінде Саддамның Баас режиміне барлау және басқа салалар бойынша көмек көрсету, Саддам режиміне Иранның қарапайым азаматтары мен әскерилеріне қарсы химиялық қаруларды қолдану жайлы мағлұматтар беру (мұның өзі соғыс қылмысы болып табылады), Иранның жолаушы тасымалдаушы ұшағын қасақана құлатып, ондағы 290 жолаушыны өлтіру АҚШ-тың Иран халқына қарсы дұшпандықтарының қатарын құрайды.

АҚШ-тың қастық әрекеттері жайлы құжаттар барша жұртқа, тіпті БҰҰ үшін қолжетімді. Бұл құжаттар осы халықаралық ұйымның АҚШ-ты Иран халқына өтемақы төлеуге мәжбүрлеу жолын жеңілдетеді.