Ресей Батысты неонацизмге қарсы қарарды қолдамады деп сынады
(last modified Sun, 06 Nov 2022 15:33:48 GMT )
Қар 06, 2022 21:33 Asia/Almaty
  • Ресей Батысты неонацизмге қарсы қарарды қолдамады деп сынады

БҰҰ Бас ассамблеясының үшінші комитетінде Ресейдің нацизмді қолдауға қарсы күрес туралы қарарының алғынұсқасына 106 оң дауыс берілді. 15 ел дауыс беруден бас тартса, 51 ел – көбіне Батыс елдері қарсылық білдірді.

Ресей СІМ-дегі гуманитарлық қатынастар департаментінің басшысы осы қарар жайлы: "Батыс елдері қарардың алғынұсқасы туралы дауыс беруден бұрын мәтінге Ресейдің Украинадағы арнайы операциясын айыптау туралы өзгеріс енгізуді талап етті. Ресей бұған қарсы шықты",-деді.  

Ресей сан рет Еуропада, әсіресе Украинада неонацистік қозғалыстармен күресу керегін баса айтып, Киевтің батысшыл үкіметін Азов полкі сияқты неонацистік содыр топтарды қолдап отыр деп айыптады.  

Ресейдің мемлекеттік ақпарат құралдары сан рет нацистік белгілер қолданылғаны туралы деректер мен айғақтар көрсетті. Олардың айтуынша, бұл Азов полкінің неонацистік идеология қатысы барын көрсетеді. Азов полкі – Украина ұлттық гвардиясының неонацистік бөлімшелерінің бірі. Ол алдымен Азов батальоны деген атпен құрылды. Ал 2014 жылдан бастап Ресейдің қолдауына сүйенген сепаратистермен шайқаста Украина армиясын нығайтуға бағытталған ерікті топтардың бірі ретінде соғысты. Азов батальоны өзінің бастапқы күшін әсіре оңшылдардан жасақтады. Бұл топтың азаптау және соғыс қылмыстарын жасау сияқты әрекеттері көп сынға ұшырады. Украина соғысы барысында Азов полкінің күштері Ресей армиясы күштерінің қоршауына алынған Мариуполь қаласынан украиндық азаматтарды шығарудың алдын алуда маңызды рөл атқарды. Бұл содырлар бейбіт азаматтарды Ресей армиясының шабуылдарында тірі қалқан ретінде пайдалануға тырысып, қаладан қашуға ұмтылған бейбіт тұрғындарға оқ жаудырды.

Қазір Батыс елдері Ресейдің неонацизммен күресу туралы ұсынған қарарына (Мәскеу тұрғысынан неонацизмнің қазіргі символы – Украинаның батысшыл үкіметі) қарсы шығу арқылы мынаны көрсетті: Еуропа елдері мен АҚШ  неонацизм және әсіре оңшыл ағымдарға тек Батыс қоғамында осы үкіметтерге қарсы әрекет етсе ғана қарсы шығады. Ал әрдайым неонацистік содыр топтарды қолдап отырған Украинаға батыстықтар еш реакция білдірмеді. Тіпті БҰҰ-да осы сұрқия құбылысқа қарсы қарарды бекітуге қарсы шықты.