Ресей сионистік режимге Украинаға қатысты қызыл сызықтан өтпеуді ескертті
(last modified Mon, 07 Nov 2022 17:57:15 GMT )
Қар 07, 2022 23:57 Asia/Almaty
  • Ресей сионистік режимге Украинаға қатысты қызыл сызықтан өтпеуді ескертті

Ресей сионистік режимге тікелей ескерту жасап, үшінші ел арқылы болса да, Украинаға әуе-қорғаныс кешендерін жеткізуге талпыныс жасаған жағдайда бұл мәселе қызыл сызықтан өту болып саналып, мұның жағымсыз салдары болатынын айтты.

Ресей Украинаға шабуыл бастағаннан кейін Ресей мен сионистік режимнің қарым-қатынасы Тель-Авивтің Батысқа жақтасып, Ресейге қарсы ұстаным білдіруі себепті текетіреске толы жаңа кезеңге аяқ басты. Израиль Ресей-Украина соғысының басында бейтарап ұстаным қабылдауға талпынғанымен соғыс жалғасып, АҚШ-тың Ресейге қарсы, Украинаны жақтап сезілетін әрекеттер жасау керектігі туралы қысымы артқаннан кейін Тель-Авив біртіндеп Киевті іс және сөз жүзінде қолдауға және Мәскеуге қарсы шығуға мәжбүр болды. Тель-Авив басшылары өз ұстанымын айқындау керек деп шешкен сыңайлы. Сол себепті Израиль басшылары, соның ішінде сионистік режимнің сол кездегі Сыртқы істер министрі Яир Ляпид Мәскеуді Украинада соғыс қылмыстарын жасады деп айыптады. Тіпті Тель-Авив Украина армиясына қару-жарақ жіберуге дайын екенін айтты. Израильдің Украинаға әскери қолдау білдіруге қатысты шаралары Тель-Авивтің шынайы ұстанымдарын айқындауға себеп болды.

Израиль Ресейдің ескертулерін ескермегендіктен Мәскеу бұрын-соңды болмаған әрекет жасады. Ресейлік еврейлерді басып алынған Палестинаға көшірумен айналысатын ең маңызды сионистік ұйымдардың бірі Еврейлер агенттігінің жұмысын тоқтатты. Және басқа ұқсас ұйымдарға сионистердің ішкі іске араласушы әрекеттері жалғасқан жағдайда жұмыстары тоқтатылатынын ескертті. Ресейде Еврейлер агенттігінің жабылуы Мәскеу мен Тель-Авив арасындағы текетіресте бетбұрыс нүктесі болды.

Қазір Беньямин Нетаньяху Израильде сайлауда жеңіске жетіп, жаңа үкімет құрады. Енді Нетаньяху мен Путиннің бұрынғы қарым-қатынасын ескере отырып, сионистік режимнің Украина соғысына қатысты саясаты қалыптасатын болады. Нетаньяху Украина соғысына қатысты ұстамды саясат ұстануға талпынуы мүмкін. Бұған қарамастан ол АҚШ пен Украинаның қысымы салдарынан осы елге зымырандарға қарсы және әуе-қорғаныс кешендерін жіберуге дайындалуы ықтимал. Егер бұл шара орындалса,  Мәскеу қатаң реакция білдіреді. Тіпті Ресей сионистік режиммен қатынасын қайта қарастыруы мүмкін.