Калифорниядағы мұнай өңдеу зауытында өрт болды
https://itolqyn.com/news/world-i65422-Калифорниядағы_мұнай_өңдеу_зауытында_өрт_болды
Сейсенбі күні Калифорния штатының Эль-Сегундо қаласында бір мұнай өңдеу зауыты өртенді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 10, 2022 16:46 Asia/Almaty

Сейсенбі күні Калифорния штатының Эль-Сегундо қаласында бір мұнай өңдеу зауыты өртенді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Айналадағы тұрғын аудандарға ескерту жасалды.

Эль-Сегундо қаласы басшыларының айтуынша, өрт зауыт маңындағы аудандарға зиян келтірмеді. Адам шығыны жайлы ақпарат әлі берілген жоқ.