Кезеңаралық сайлау – АҚШ қоғамындағы алшақтық пен екі полюске бөлінудің айқын көрінісі
АҚШ-та 2022 жылғы кезеңаралық сайлауда дауыс беру сейсенбі күні осы елдің барлық штаттарында өтті. АҚШ тарихында президенттік емес ең қымбат бәсекелестік атанған бұл сайлау америкалық дауыс берушілер осы елдің алдағы жолына алаңдап, саясатта бұрын-соңды болмаған алшақтық байқалған жағдайда өтті.
Кезеңаралық сайлауда берілген дауыстарды санау жалғасып жатқан шақта республикашылдардың демократтардан қашықтығы және Өкілдер палатасында басым орындарға ие болу ықтималы арта түсті.
АҚШ-тағы кезеңаралық сайлауды елде күн сайын артып келе жатқан алшақтықтың және қоғамда екі полюстің пайда болғанының белгісі деп атауға болады. АҚШ-тың екі негізгі партиясында ішкі және сыртқы мәселелерге қатысты пікір айырмашылығы көп. Олар өздерінің жоба-жоспарларын ілгерілету мақсатында кезеңаралық сайлауда жеңіске жету үшін бар күштерін салды. Сондай-ақ республикашылдар мен демократтар партияларының әрқайсысы бұл сайлауды бір-бірімен есеп айырысуға берілген жақсы мұрсат санады. Тіпті республикашылдар қазірдің өзінде Джо Байденге импичмент жариялау туралы айта бастады. Шын мәнінде екі партиядағы, әсіресе республикашылдар партиясындағы радикал мүшелер арту үстінде. Осылайша басқа кезден көбірек америкалық демократияға саяси радикализм қатері төніп тұр. Бұл мәселе екі партия саясаткерлерінің осы сайлауға саяси соғыс ретінде қарауына себеп болды. Сайлаудағы жеңіс АҚШ-тың болашағында тағдыр шешті рөл ойнайтын болады.
АҚШ Президенті Джо Байден Конгрестің 2022 жылғы кезеңаралық сайлауынан бір күн өткеннен кейін АҚШ және демократия үшін жақсы күн болғанын айтып, республикашылдарды кекетіп: "Қызыл толқын болмады",-деді.
"Үлкен қызыл толқын" – АҚШ-та республикашылдардың сайлаудағы ықтималды жеңісі туралы қолданылатын термин. АҚШ-тың Өкілдер палатасында республикашылдар демократтармен салыстырғанда басым түскенімен, бұл бұрын айтылған кесімді жеңіс болжамына сәйкес келмей қалды. Басқа мәселе сайлаулардың, соның ішінде кезеңаралық сайлаудың дұрыс өткізілгеніне күмән келтірілді. Осы елдің бұрынғы президенті Дональд Трамп сияқты радикал саясаткерлер осы күмәнді күшейтіп отыр.
Жалпы америкалық демократия қазір көптеген түйткілдер мен қатерлерге ұшырап отыр. АҚШ қоғамында сайлаулар, соның ішінде президенттік және парламенттік кезеңаралық сайлаулар сияқты демократияның белгілеріне және сайлаудың дұрыс өткізілуіне күдік-күмәндар көбейді.