Украиналық босқындар Германиядағы әуежайға орналастырылды
Қар 11, 2022 16:39 Asia/Almaty
Германия сенаты Берлиндегі бұрынғы әуежайды украиналық босқындарға арналған баспанаға айналдырғанын хабарлады.
Германия сенатының мәліметінше, бұл жыл соңына дейін 10 мың адамға дейін қоныстанатын орын құру жоспарының бір бөлігі. БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі агенттігі де өз баяндамасында Украинада соғыс басталған 24 ақпаннан бері бұл елден алты миллионнан астам адамның босып кеткенін мәлімдеді. Германия Канцлері Олаф Шольц: «Украинадан келген бір миллионнан астам босқын Германияда тіркелген және бұл жерлер мен аймақтар үшін үлкен сынақ»,- деді.
Тегтер