Ауғандық мигранттар Иранның медициналық сақтандыру полисін алды
Қар 13, 2022 22:39 Asia/Almaty
Иранда тұратын ондаған Ауғанстан азаматы медициналық сақтандыру полисін тегін қолданады.
Жалпы 7 млн ауғандық мигранттың 4 млн-ға жуығы мәдени ортақтықтар мен территориялық жақындыққа байланысты өмір сүру үшін Иранды таңдады. 40 жылдық соғыс пен басқыншылық Ауғанстанның миллиондаған азаматын елден босып кетуге мәжбүрледі.
Иран ІІМ-нің шетелдік азаматтар және мигранттар департаментінің директоры Садеқ Резадуст: "Көптеген талпыныстардың арқасында Иранда тұратын 157 мың ауғандық мигрант медициналық сақтандыру полисін тегін қолданады",-деді.
Резадуст: "Бұл азаматтар – қаржы жағынан қиындыққа ұшыраған осал топ өкілдері",-деді.
Тегтер