Украинада соғыс басталғаннан кейін Ресейдің Еуропа елдеріне экспорты артты
https://itolqyn.com/news/world-i65508
Ресейдің Еуропа елдеріне экспортының құны Украинадағы соғысқа дейінгі жағдаймен салыстырғанда артты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 13, 2022 23:12 Asia/Almaty
  • Украинада соғыс басталғаннан кейін Ресейдің Еуропа елдеріне экспорты артты

Ресейдің Еуропа елдеріне экспортының құны Украинадағы соғысқа дейінгі жағдаймен салыстырғанда артты.

New York Times газетінің жазуынша, Батыс елдері Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге қарсы санкция салғанымен, Мәскеу әлемдік экономикамен әлі де тығыз байланыста.  

Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, Украинада соғыс басталғаннан кейін Ресейдің Еуропа елдеріне экспортының құны артты.

Ресейдің Бельгияға айлық экспортының құны 130 пайызға, Испанияға 112 пайызға, Нидерландыға 74 пайызға және Германияға 38 пайызға артты.