Иран Атом қуаты ұйымының басшысы: Иранға қарсы қарар қабылдау мәселелерді шешуге көмектеспейді
Иран Атом қуаты ұйымының басшысы АҚХА-де қарсы қарардың қабылдануын барынша қысым жасауды жалғастыруға бағытталған, бірақ туындаған мәселелерді шешуге көмектеспейтін сындарсыз әрекет деп атады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Ислами АҚХА Басқарма кеңесінің Иранға қарсы қарарына тоқталып: "3 еуропалық ел мен АҚШ түрлі қысым жасау тәсілдері, соның ішінде қарар қабылдау мен санкция салуды қолдануға әдеттеніп алған сыңайлы. Мұндай қысымдардың сәтсіз болатыны анық",-деді.
Иран Атом қуаты ұйымының басшысы біздің елге қарсы қарарды қабылдау қате болғанын, оған Иран үкіметі қатаң жауап беретінін айтып: "ИИР-дың ядролық бағдарламасы Ислам Кеңесі Мәжілісінің стратегиялық іс-қимылдар заңына сәйкес орындалып жатыр. Иранға қарсы түрлі қарарлар қабылдау бұл бағдарламаны орындауға кедергі келтіре алмайды",-деді.