Қар 21, 2022 00:49 Asia/Almaty
  • Азаматтық бағынбау және ақпараттық майдан – Иранға қарсы когнитивті соғыстың екі қанаты

Қыркүйек айынан бері Иранның кейбір қалаларында бүлік пен тәртіпсіздіктің жаңа толқыны басталды. Осы бейберекеттік пен лаңкестік шабуыл салдарынан бірқатар әскери қызметкер, бейбіт тұрғындар, соның ішінде балалар мен әйелдер қаза болды немесе жараланды. Сондай-ақ жеке және қоғамдық мүлікке зиян келтірілді. Тәртіпсіздік әлі де жалғасып жатыр.

Дұшпандар, әсіресе АҚШ үкіметі өткен жылдары Иранға қарсы әскери шешім жолының қарастырылып жатқанын баса айтып келді. Бірақ ИИР өз тежегіш қуатын жоғарылатты. Дұшпан Иранның осы тежегіш қуатынан хабардар. Сол себепті жұмсақ тәсілдер қолдану күн тәртібіне қойылды. Олар "азаматтық бағынбау" және "ақпараттық майдан" деген екі стратегияны орындау арқылы Иран қоғамын бүлік пен бейберекеттікке итермелеуге тырысты. Кейінгі бүліктерде қарсылас ақпарат құралдарының мақсатты да үйлескен түрде жылдам әрекет етуі мына жайтты көрсетті: олардың барлығы бір мықты орталықтан басқарылады. Бұл орталық Батыстың барлау ұйымдарынан басқа ештеңе емес.

Шын мәнінде Батыс елдері мен АҚШ ИИР жүйесі мен халқына қарсы "барынша қысым" стратегиясында жеңіліс тапқаннан кейін олар әскери қоқан-лоққы, санкцияны пайдалану арқылы экономикалық соғыс, келіссөз арқылы дипломатиялық соғыс, ақпараттық соғыс, жасырын соғыс, кибер шабуылдар мен виртуалды кеңістік арқылы когнитивті соғыстан тұратын жан-жақты соғыс жүргізіп жатыр.

28 ел, ондаған спутниктік арна мен әлеуметтік желілердің Иранның ішкі ісіне араласуы, сондай-ақ Иранда бүлік жасап, кісі өлтіру үшін революцияға қарсы әрі бөлшектеуді талап ететін 16 топ, соның ішінде "Кумле" партиясы, Мұнафықтар тобы, Пежак және тағы басқаларды пайдалану күн тәртібіне қойылды. Бұл топтар мен жалдамалылар наразылардың арасына кіріп, шерулерді кісі өлтіру жобаларын орындау үшін қолданып, ақпарат құралдарының көмегімен оны Қарулы күштерге жабуға талпынып жатыр.     

Шындық мынада: дұшпандар Иранның өз даму жолында тәуелсіз қадам басып, Батыс Азия аймағында беделі артып, басқа елдер үшін үлгіге айналуына қарсы. Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, олардың басты алаңдаушылығы – мықты, тәуелсіз әрі дамыған Иран.   

Тегтер