Путин Ауғанстаннан Орта Азияға лаңкестік топтар енуі ықтималын ескертті
Қар 24, 2022 19:15 Asia/Almaty
Ресей Президенті Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының отырысында Ауғанстанда жағдайдың күрделі екеніне тоқталып, осы елден аталмыш ұйымға мүше елдерге лаңкестік топтар енуі ықтималын ескертті.
Владимир Путин Армения астанасы Ереванда өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының отырысында: "Ауғанстаннан аталмыш ұйымға мүше елдерге лаңкестік топтардың енуі Орта Азия елдерінде экстремистік идеологияның таралу қатерін арттырады",-деді.
Ресей Президенті қалыптасқан жағдайды ескеріп, лаңкестік пен экстремизм қатерлері және есірткі заттарына қатысты мәселелерді анықтап, дер кезінде шешу үшін жауапты органдардың әріптестік деңгейін арттыру керегін баса айтты.
Тегтер