Гандболдан Азия чемпионатында Иранның әйелдер командасы алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтады
(last modified 2022-11-24T13:27:11+00:00 )
Қар 24, 2022 19:27 Asia/Almaty
  • Гандболдан Азия чемпионатында Иранның әйелдер командасы алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтады

Иранның гандболдан әйелдер командасы Азия чемпионатындағы алғашқы кездесуінде Үндістан командасын жеңді.

Иран командасы әйелдер арасындағы гандболдан Азия чемпионатындағы алғашқы кездесуінде Үндістан командасымен ойнап, 43:35 есебімен басым түсті.  

Иранның гандболдан әйелдер командасы осы чемпионатта Үндістан, Өзбекстан, Аустралия және Оңтүстік Корея командаларымен бір топта ойнайды.

Гандболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионатының 19-шы кезеңі және 2023 жылғы әлем чемпионатына іріктеу ойындары 24 қарашада Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында басталып, 4 желтоқсанға дейін жалғасады. Бұл жарыста әлем чемпионатына 5 жолдама беріледі.

Тегтер