Иранның Энергетика министрі Ашхабадқа келді
Иранның Энергетика министрі Түрікменстанның ресми өкілдері қарсы алуымен Ашхабад әуежайына келді.
Осы сапарында Иранның Энергетика министрі Алиакбар Мехрабиан Түркіменстан Президенті Бердімұхамедов, Премьер-министрдің орынбасары және осы елдің бір топ министрлері мен жоғары лауазымды тұлғаларымен кездеседі. Екі ел арасындағы энергия алмасуды қалпына келтіру, Түркіменстанның электр қуатын тасымалдау мүмкіндігі, энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамыту, Харируд және Атрак өзендерін тереңдету және ұйымдастыру және Иран мен Түркіменстанның Харируд өзеніне қатысты Иран, Түрікменстан және Ауғанстан арасындағы үшжақты ынтымақтастық келісімін дайындаудағы өзара әрекеттестігі Иранның Энергетика министрі мен Түркіменстанның қайраткерлері кездесуінің негізгі бағыттарының бірі болмақ.