Польша украиндық босқындардан ақша алуды жоспарлауда
Қар 30, 2022 19:31 Asia/Almaty
Польша үкіметі украиндық босқындардан азық-түлік пен баспанаға ақша алуды жоспарлап отырғанын хабарлады.
Польша үкіметі сейсенбі күні мәлімдемесінде: «Қонақ үй бөлмелері немесе мектеп жатақханалары сияқты мемлекет қаржыландыратын орындарда тұратын украиналық босқындар 120 күннен артық болса, құнының 50 пайызын төлеуі керек»,- деп жариялады. Польша үкіметінің мәлімдемесіне сәйкес, 180 күннен кейін шығындардың 75 пайызы алынады. Бұл жоспар бойынша жасына немесе мүгедектігіне байланысты жұмыс істей алмайтындар бұл заңнан босатылады. Польша үкіметі жаңа ережелер келесі жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енетінін айтты. Бұл заң жобасы парламентке жіберілді және оңай мақұлданады деп күтілуде.
Тегтер