Ульянов Ресейдің еуропалық энергетикалық нарықтан шығарылуына реакция білдірді
Ресейдің Венадағы халықаралық ұйымдардағы өкілі Мәскеудің еуропалық нарықтан шығарылуына реакция білдірді.
Ресейдің Венадағы халықаралық ұйымдардағы өкілі Михаил Ульянов Халықаралық энергетикалық агенттіктің атқарушы директоры Фатих Биролдың сөзіне жауап реакция білдіріп, Twitter-де: «Еуропа АҚШ-тың сұйытылған табиғи газын әлдеқайда жоғары бағаға сатып алу үшін Ресейді негізгі энергия көзі ретінде жоғалтты ма? Олар қандай керемет жетістікке жетті»,- деп жазды.
Бирол: «Ресей Еуропаны энергияның ең үлкен тұтынушысы ретінде мәңгілікке жоғалтты. Ресей еуропалық мұнай-газ нарығын біржола жоғалтты және өндірісті қысқарту мәселесіне тап болады»,- деді.
Ресейдің Украинаға шабуылынан кейін Батыс Мәскеуге қарсы санкция салды. Бұл мәселе Еуропа мен АҚШ-та жанармай, электр энергиясы және азық-түлік бағасының өсуіне себеп болды.