Иран мен Түркияның сауда ынтымақтастығы артты
(last modified Thu, 01 Dec 2022 18:39:03 GMT )
Жел 02, 2022 00:39 Asia/Almaty
  • Иран мен Түркияның сауда ынтымақтастығы артты

Иран газын Түркияға экспорттау және екі ел арасындағы басқа сауда қатынастар биылғы 10 айда айтарлықтай артты.

Eurostat кеңсесі биылғы қазан айында былтырғы осындай мерзіммен салыстырғанда Иран газын Түркияға экспорттау көлемінің 70 пайызға артқанын хабарлап: "Осы жылдың алғашқы он айындағы екі елдің сауда айналымының құны 5 млрд доллардан асты",-деп жазды.

Eurostat: "Иран оныншы айда Түркияға 671 млн текше метр газ экспорттады. Бұл көлем өткен жылмен салыстырғанда 70 пайыз өсімді көрсетті",-деп мәлімдеді.

Бұл биылғы он айда Түркия мен Иранның сауда айналымының 21 пайызға артқанын көрсетеді.

Иран мен Түркия арасындағы сауда айналымының құны 2021 жылы қаңтар айынан қазан айына дейін 4 млрд 390 млн доллар болса, биыл 5 млрд 300 млн долларға жетті.