"Түркімен кестесі" ЮНЕСКО-да Иран мен Түркіменстанның атынан тіркелді
(last modified 2022-12-02T16:47:49+00:00 )
Жел 02, 2022 22:47 Asia/Almaty

"Түркімен кестесі" ЮНЕСКО-ның рухани мұраларды сақтауға арналған үкіметаралық комиссиясының он жетінші отырысында Түркіменстанмен бірге Иранның жиырмасыншы рухани мұрасы ретінде тіркелді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, түркімен стилімен кесте тігу – жібек немесе мақта матаның бетіне табиғи жібек жіп немесе акрил сияқты жасанды жіппен өрнек тігу өнері. Кестеші жануарлар, айналадағы табиғи элементтер, соғыс құралдарының пішіндерін пайдаланып, халықтың наным-сенімінен шабыт алып, ойша жоба жасап, оны мата бетіне әдемі әрі  қарапайым қалыпта тігіп шығады. Бұл нақыштар белгілі бір символ болумен қоса безендіру құралы ретінде қолданылады.

Тегтер