Байден мен Макрон Иранға қарсы ортақ мәлімдеме жасады
(last modified Fri, 02 Dec 2022 17:53:04 GMT )
Жел 02, 2022 23:53 Asia/Almaty
  • Байден мен Макрон Иранға қарсы ортақ мәлімдеме жасады

АҚШ Президенті Джо Байден мен Франция Президенті Эммануэль Макрон Ақ үйде кездесіп, Иранға қарсы ортақ мәлімдеме жасады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Джо Байден мен Эммануэль Макрон бейсенбі күні ортақ мәлімдемесінде өздерінің Иранға қарсы уәждерін қайталап: "Вашингтон мен Париж Иранның ядролық қаруларға қол жеткізе алмайтынына сенімді болуы керек",-деп мәлімдеді.

АҚШ пен Франция басшылары сондай-ақ осы мәлімдемеде Иранда болып жатқан бүлікке қолдау білдірді.