Батыс Қытайда бүлік шығарғалы жатыр
(last modified Fri, 02 Dec 2022 20:54:16 GMT )
Жел 03, 2022 02:54 Asia/Almaty
  • Батыс Қытайда бүлік шығарғалы жатыр

Батыстың қарсылас күштерге қарсы қолданатын тәсілі Қытайға да жетті. Қытай Президентінің айтуынша, осы елде кейінгі күндері болған бүліктерде батыстықтардың қолы байқалады.

Қытай Президенті Си Цзиньпин Батыс елдерін Қытайдағы наразыларды демеуші деп атап, наразылармен диалог жүргізу есігі ашық екенін айтып,  Батыстың қастандықтары мен бүліктерге төтеп беретінін айтты.

Қытайда үш жыл бұрын Covid-19-дың белгілері байқалды. Үкімет карантиндік саясат ұстанып, алдын алу шараларын атқарып, әсерлі емдеу жұмыстарын жүргізе алды. Қаза болғандар саны халық санына шаққанда басқа елдермен, әсіресе Батыс елдерімен салыстырғанда айтарлықтай аз болды. Сол себепті коронавирус таралған кезде бұл елдің экономикалық дамуы баяу болса да, Батыс елдерімен салыстырғанда жақсырақ ілгеріледі. Тіпті Қытай Президенті сан рет осы нәтижені мадақтап, оны ұлттық мақтаныш, батыстық басқару тәсілін жеңу деп атады.

Қазіргі таңда Қытайдың батысында коронавирус қайта тарала бастаған соң үкімет алдын алу саясатын ұстанып, карантин шараларын қолданып жатыр. Бұл әлеуметтік наразылықтар туындауына сылтау болды. Наразылықтар көшеде бүлік шығарып, бейберекеттік жасау түрінде көрініс тапты. Гарвард университетінің халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы Тони Сайч осы жайлы: "Қытайдың мемлекеттік құрылымын ескерсек, бұл елде әсерлі қарсылық ұйымдастыру қиын",-деді.

Бірақ Қытай Президенті АҚШ бастаған батыстықтардың тәсілдерін білетін болғандықтан: "Қытайда наразылар алданып қалды",-деп мәлімдеді. Тіпті мемлекеттердің бәсекелестер туралы жасырын ақпарат жинайтынын былай қойғанда, Батыс елдерінің  бәсекелес елдерде дамудың алдын алу немесе алпауыттардың қатынасын өзгерту тәсілдері бұрыннан анықталған. Сондықтан осындай бүліктер туындағанда басты жауапты Батыс деп көрсетіледі.   

Ел ішінде қысым тудырып, бәсекелесті ішкі мәселелермен алдандыру арқылы үкіметтің халықаралық сахнадағы позицияларын әлсірету – батыстықтардың таныс тәсілдерінің бірі.

Әсіресе кейінгі жылдарда бәсекелес елдерде наразылықтарды қатыгездікке толы бүліктерге айналдыру Батыс елдері, соның ішінде АҚШ-тың күн тәртібіне қойылған. Өйткені осы жолмен үкіметтерді ішкі істермен айналдырып қойып, елден тыс жерде және халықаралық қауымдастықта адам құқығын қорғаушы ұйымдарға ықпал етіп, әлгі елдерге қысым жасауға тырысады. Осы әрекеттердің барлығы – Батыстың саяси пазлының бөлшектері.

Қорыта келгенде, Қытай Президентінің ел ішіндегі жағдайды түсінуі, Бейжіңге қарсы қастандықты батыстықтар басқарып отырғанын білуі, осы қастандықтарға төтеп беру қажеттігін айтуы және наразылармен диалог есігінің ашық екенін ескертуі осы ел басшыларының қырағылығын көрсетеді.