Канани: Иранға жала жабу АҚШ-тың Йеменге басқыншылық саясатының аясында жасалып отыр
https://itolqyn.com/news/world-i65986-Канани_Иранға_жала_жабу_АҚШ_тың_Йеменге_басқыншылық_саясатының_аясында_жасалып_отыр
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ Теңіз күштеріне қарасты бесінші флоттың Иранға қарсы уәждері туралы: "Иранға жала жабу АҚШ-тың Йеменге басқыншылық саясатының аясында жасалып отыр",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 05, 2022 19:21 Asia/Almaty
  • Канани: Иранға жала жабу АҚШ-тың Йеменге басқыншылық саясатының аясында жасалып отыр

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ Теңіз күштеріне қарасты бесінші флоттың Иранға қарсы уәждері туралы: "Иранға жала жабу АҚШ-тың Йеменге басқыншылық саясатының аясында жасалып отыр",-деді.

Насер Канани дүйсенбі күні баспасөз отырысында Iran Press тілшісінің сұрағына: "Негізсіз уәждерді қайталау саяси сипатқа ие. АҚШ-тың осындай қатынасы Йеменге басқыншылық жасалуына себеп болып отыр",-деді. АҚШ Теңіз күштерінің бесінші флоты Оман теңізінде Ираннан Йеменге 50 тоннадан аса оқ-дәрі мен зымыран отынын әкетіп бара жатқан балықшылар кемесін ұстадық деп уәж айтты.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: "АҚШ-тың осындай әрекеті Йеменде жағдайдың ушығуына себеп болып отыр. Иранның Йеменге қатысты саясаты – бейбітшілік пен тұрақтылық. Йемен халқы ғана бөгделердің араласуынсыз өз тағдыры туралы шешім қабылдай алады",-деді.