2022 жылы Иран мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық айналым 300 пайызға өсті
(last modified Mon, 05 Dec 2022 13:37:09 GMT )
Жел 05, 2022 19:37 Asia/Almaty
  • 2022 жылы Иран мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық айналым 300 пайызға өсті

Иранның Энергетика министрі 2022 жылы Иран мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық айналымның 300 пайызға өскенін хабарлады.

Иранның Энергетика министрі Әли Акбар Мехрабиан дүйсенбі күні Теһранда Иран мен Тәжікстанның экономикалық ынтымақтастық туралы ортақ комиссиясының 15-ші жиналысының ашылу рәсімінде: "Екі елдің 2022 жылғы сауда-экономикалық айналым көлемі былтырмен салыстырғанда 300 пайызға өсті",-деді.

Мехрабиан: "Иран мен Тәжікстанның ынтымақтастығы аясында алдағы айлар мен жылдарда өзара сауда айналымы одан ары артады деп үміттенеміз",-деді.

Иран мен Тәжікстанның экономикалық ынтымақтастық туралы ортақ комиссиясының тәжік басшысы Делир Жұма осы рәсімде екі ел арасында сындарлы әріптестік басталғанын айтып: "Бұл ынтымақтастық көрмелер өткізіп, өнеркәсіптің түрлі салаларына инвестиция салу қалыбында орындалып жатыр",-деді.

Иран мен Тәжікстанның экономикалық ынтымақтастық туралы ортақ комиссиясының 15-ші жиналысы бүгін, дүйсенбі Теһранда басталды.