Мәскеу: Еуроодақтың санкцияларына жауап береміз
(last modified Wed, 07 Dec 2022 17:12:36 GMT )
Жел 07, 2022 23:12 Asia/Almaty
  • Мәскеу: Еуроодақтың санкцияларына жауап береміз

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары: "Мәскеу өз мүддесіне сай Еуроодақтың санкцияларына қарымта жауап береді",-деді.

Александр Грушко сәрсенбі күні Еуроодақтың Ресейге қарсы тоғызыншы санкциялар пакеті туралы: "Шектеу шараларын қарастыратынымыз анық",-деді.  

Грушко: "Шындық мынада: Еуроодақ пен басқа Батыс елдері рационализмнің шегінен шығып кетті. Санкциялардың көбі Ресейді нысанаға алады дегенімен, шын мәнінде еуропалықтардың өздерінің негізгі әрі маңызды мүдделерін нысанаға алып отыр. Олар мұның салдарын көретін болады",-деді.

Еуропа мен АҚШ басшылары Украинада соғыс басталғалы бері Ресейге қарсы саяси-экономикалық санкциялар салды. Бұл шараның мақсаты Ресейді экономика тұрғысынан тығырыққа тіреп, ел үкіметіне қысым жасау болды.