Жел 08, 2022 18:16 Asia/Almaty
  • БҰҰ сионистік режимнің ядролық қаруын жоюды мақұлдады

БҰҰ Бас ассамблеясы сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша кешке сионистік режимнің ядролық қаруын жою туралы қарарды 149 «қолдау» және 6 «қарсы» дауыспен мақұлдады.

 

 

ИРНА-ның мәліметі бойынша, сионистік режим мен АҚШ, Канада, Микронезия, Палау және Либерия бұл қарарға қарсы дауыс берді. 26 ел, соның ішінде Украина, Үндістан және көптеген еуропалық үкіметтер де бұл қарарға «қалыс» дауы берді. Бұған дейін БҰҰ Бас Ассамблеясының бірінші комитеті сионистік режимнің ядролық қаруын жоюды және Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің осы режимнің ядролық нысандарын халықаралық бақылауын жүзеге асыруды талап еткен болатын. Бұл шешім сионистік режимнің ядролық қаруға ие болуын ешқашан ресми түрде мойындағысы келмегеніне қарамастан қабылданды.

Сионистік режим әлемдегі ядролық қаруға ие 9 мемлекеттің бірі және Батыс Азия аймағындағы ядролық қаруға ие жалғыз мемлекет болып табылады. Мәліметтерге қарағанда, ол өз арсеналында 200-ден 400-ге дейін ядролық оқтұмсық сақтайды.

 

 

Тегтер