Жел 09, 2022 18:07 Asia/Almaty
  • Айға саяхатшылар

Айға алғашқы жеке рейспен ұшатын жолаушылар таңдалды, олардың көбі өнерпаздар.

Sputnik ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жапондық миллиардер Юсаку Маэзава: «Айға Илон Масктың SpaceX компаниясымен сапар шегетіндер таңдалды, олардың көпшілігі ойын-сауық индустриясының өкілдері»,- деп жариялады. Бейсенбіде Маэзава твиттерде Айға саяхатшылар таңдалғанын жазды. 47 жастағы сән индустриясының магнаты Маэзава сапардың нақты құны әлі жарияланбағанын айтты. Бірақ «бұл шамамен 80 миллион доллар тұрады ма?» деген сұраққа ол: «Мүмкін»,- деп жауап берді. Бұл жолаушылар арасында 9 адам және екі резервтік.  Олар әртүрлі елдерден - Америкадан, Англиядан, Ирландиядан, Жапониядан, Оңтүстік Кореядан, Үндістаннан және Чехиядан. Бұл саяхатшылар жақында жаттығуларын бастайды және 2023 жылы Айға сапар шегеді.