Рафсанджани: Әлем терроризммен күресте Иранның тәжірибесін пайдалана алады
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы: «Аймақтық елдер арасындағы ИИР-ның қазіргі қауіпсіздігі лаңкестік топтармен күрес тәжірибесіне қарыздар»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы аятолла Ахбар Хашеми Рафсанджани сенбі күні кешке Теһранда Бельгияның Сенат Парламентінің басшысымен кездесуінде екі ел қарым-қатынасының 170 жылдық тарихына және бельгиялықтардың Иранда темір жол салуға, кеден, салық және пошта жүйелерін реформалауға қатысқанына тоқталып: «Екі ел ие әлеуеттер негізінде біздің қарым-қатынас деңгейіміз жоғарылауы тиіс»,-деді.
Хашеми Рафсанджани лаңкестердің әлемдік қатерге айналғанын айтып, олардың виртуалды кеңістіктегі жарнамаларына тоқталып: «Өкінішке орай, олар әлемнің көптеген аймақтарында өз болашақтары үшін тұқым сеуіп кетті. Брюссель мен Парижде олардың қылмыстарының куәсі болдық»,-деді.
Бельгияның Сенат Парламентінің басшысы Кристин Дефрень ханым осы кездесуде Сенат депутаттарынан тұратын өзінің делегация құрамын таныстырып, екі елдің қарым-қатынас тарихына тоқталып: «Қазіргі жағдайда барлық салалар бойынша байланысты кеңейту қажет. Біз өз кездесулеріміз барысында дәрі жасау, медицина және ғарыш салаларында әріптестікті кеңейту қажеттігін қуаттадық» деді.