Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы адам құқығы жайлы уәж айтатын Еуропа елдерінің алдап отырғанын сынады
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы адам құқығы жайлы уәж айтатын Еуропа елдерінің алдап отырғанын сынап, Франция мен Германияны Иран халқының құқығын бұзып отырғанына қарамай, ирандық әйелдерге адам құқығы жүлдесін бергенін айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани дүйсенбі күні таңертең Твиттердегі жеке парақшасында ирандық әйелдерге берілген адам құқығы жүлдесі туралы: "Иран халқы адам құқығы жүлдесін алуға лайықты екені айқын. Өйткені олардың адами құқықтары ұзақ жылдар бойы адам құқығын қорғаймыз деп уәж айтушылар тарапынан бұзылып келді",-деп жазды.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы: "Бұл елдер адам құқығын қорғаймыз деп уәж айтады, бірақ олардың тарихы адам құқығы мен Иран халқының құқықтарын бұзғанына қатысты сорақы фактілерге толы",-деп жазды.