Ресей Ұлыбританияның Теһран мен Мәскеу арасындағы әскери әріптестік туралы уәждеріне реакция білдірді
(last modified Mon, 12 Dec 2022 14:59:36 GMT )
Жел 12, 2022 20:59 Asia/Almaty
  • Ресей Ұлыбританияның Теһран мен Мәскеу арасындағы әскери әріптестік туралы уәждеріне реакция білдірді

Ресейдің Лондондағы елшілігі Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің Иран тарапынан Ресейге әскери жабдықтар жіберілгені туралы уәждерін қисынсыз деп атады.

Джеймс Клорли жұма күні бір мәлімдемесінде Иран тарапынан Ресейге әскери жабдықтар жіберілгені туралы уәждерді қайталап, "Ұлыбритания Иран мен Ресей арасындағы үмітсіздендіретін одақты әшкерелеуді жалғастырады" деген болатын.

Fars ақпарат агенттігінің дүйсенбі күні хабарлауынша, Ресейдің Лондондағы елшілігі мәлімдеме жасап: "Мәскеу Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің сөздерін кесімді түрде жоққа шығарады. Мұны АҚШ саясатына жақтасу деп санайды",-деді.

Бұл елшілік Иранның әскери жабдықтарын Ресейге жөнелту туралы болжамдарды қисынсыз деп атады.

Ресейдің Лондондағы елшілігінің мәлімдемесінде: "Батыс елдерінің Украинаға әскери көмектері бейбіт нысандарға қасақана лаңкестік шабуылдар жасау үшін беріліп отыр",-делінген.